Мереке күні ҰҚК басшысын Президент қабылдаған соң орынбасары ауысты

1415
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yXckPnXx7Xe0Go7H7xeqAWHSGLbvRFWXuYMpT0lq.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сенбі, 25 қазандағы кездесу барысында ведомствоның биылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесуден кейін Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Далматов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Қанатай  Далматов 2024 жылдың қазан айынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болған. Бұған дейін ол 2023–2024 жылдары Қазақстан Қарулы күштерінің Бас барлау басқармасының бастығы қызметін атқарған, ал 2000–2023 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында және Шекара қызметінде жедел және басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне Марат Ирменов тағайындалды.

2022 жылдың қаңтар айында Марат Ирменов Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып тағайындалған. Бұған дейін, 2020 жылдың ақпанынан бастап, ол Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Бұл лауазымға ол Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін тағайындалған еді.

2016–2020 жылдар аралығында Ирменов Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы болды. Оған дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

评论
其他材料