«Қайнағаларыма әмеңгерлік жолмен тиемін дедім…»

2476
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZWkKVKoUJ6mKlzWh5SooZ5KpafDqqSlc6DFLxA20.jpg

«Адырна» порталы YouTube арнасының кезекті қонағы – дәстүрлі әнші Гүлшат Тәкежанова. Сұхбат барысында ол марқұм жары, әнші, мәдениет қайраткері Биғазы Тұтқабеков туралы естеліктерімен бөлісті.

Гүлшат Тәкежанова отыз жасында жастай сүйіп қосылған жарының қазасын бастан өткергенін айтты. Биғазы Тұтқабеков «Серпер» ансамблін құрып, өнерде таныла бастаған тұста, 2006 жылы 12 наурызда кенеттен өмірден өткен. Биыл марқұмның туғанына 50 жыл толғанымен, оның есімі туған жерінде және өнер қауымында елеусіз қалып жатқанын әнші өкінішпен жеткізді.

Сұхбатта Гүлшат Тәкежанова үш баламен жесір қалғаннан кейінгі өмір жолы, қиындыққа мойымай, өнер мен отбасын қатар алып жүргені жайлы шынайы әңгімеледі. Ол ата дәстүрін ұстанып, ұл-қызын ел қатарлы өсіргенін және өмірдің ауыр сәттерінде рухын түсірмей, қайсарлық танытқанын айтты.

Әншінің бұл сұхбаты қазақ әйелінің табандылығы мен рухани күшін айғақтайтын өмірлік сабаққа толы әңгіме болды.

评论