Астанада Республика күніне орай ерекше челлендж ұйымдастырылды

1132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/23tPX5pfe6p9uDkgz0UzpkMLtonQAgneEgjuHeub.jpg

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары "Менің Қазақстаным!" атты акция бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жастар үйлердің балкондарына мемлекеттік туды іліп қойған. Қазіргі таңда Астана көшелерінде 1000-ға жуық ту ілініп тұр.

"Жыл сайын отбасымызбен осы челленджге қатысамыз, балконға ту іліп қоямыз. Бұл қарапайым әрекет, бірақ символдық мәні бар. Қаладағы ілініп тұрған туларды көргенде, елің үшін мақтаныш сезімі кернейді", - деді Сарыарқа ауданының тұрғыны.

Әкімдік патриоттық акцияның жыл сайын өткізілетінін атап өтті.

«Бұл акция елорда көшелерінде жүрген астаналықтар мен қала қонақтарына жүрек тебірентер әсер сыйлады»,—делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік рәміздерді орналастыру туралы ережеге сәйкес, азаматтар өз үйлерінің ғимараттары мен балкондарында патриоттық сезімдерді білдіру және ұлттық жетістіктерді қолдау мақсатында мемлекеттік туды пайдалануға құқылы.

评论