Тәрбиешіден 20 млн талап еткен ер адам ұсталды

571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы қаласында балабақша қызметкерінен 20 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеке балабақшаның қызметкері полицияға арызданған. Ол балабақшадағы бір баланың әкесі педагогтың әрекетіне наразы болып, жалған ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 20 миллион теңге талап еткенін айтқан.

Қалалық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектесіп, дәлелдерді жинаған.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

评论