Мемлекет басшысының жарлығымен Мағжан Ілиясов АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы, сондай-ақ Исландия мен Ирландиядағы елшісі қызметтерінен босатылды.
51 жастағы Мағжан Ілиясов 2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі қызметін атқарған.
Бұған дейін ол БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі, сондай-ақ Нидерландтағы елші және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкіл болған.
Бұдан бөлек, Президенттің кеңесшісі және Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметтерін де атқарған.