Израильмен соғысқан санкциядағы елдің президенті келе жатыр

1065
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3jQdv9iT6ZPaul1EnofG8hkZJIKhbMU2YxKxJbT9.webp

Иран президенті Масуд Пезешкиан осы жылдың соңына дейін Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы  Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, сапар барысында екі ел арасында экономика, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастыққа қатысты 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Хатибзаде бұл сапар Иран мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Иран - ядролық бағдарламасына байланысты бірнеше жылдан бері батыстың санкциясына ұшыраған ел. Бұл Масуд Пезешкианның биылғы 13-24 маусым арасындағы Израильмен арадағы соғыстан кейін Қазақстанға бірінші сапары.

 

评论