Атыс аптасы. Ауғанстан мен Пәкістан делегациялары Дохада келіссөз өткізбек

717
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VQHQZDy1QAOISWW6V4iZGqmN3fY0Tretw57Y6lFD.webp

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату мақсатында екі елдің делегациялары Қатар астанасы Дохада келіссөз өткізбек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ABC News-тің дерегінше, шекара маңындағы қақтығыстар салдарынан ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Бұл соңғы жылдардағы екі ел арасындағы ең ауыр дағдарыстардың бірі саналады.

Талибан үкіметінің мәліметінше, ауған делегациясының құрамында қорғаныс министрі мен ұлттық барлау басқармасының басшысы бар.

Пәкістан Ауғанстанды шекара маңындағы содырларды жасырып отыр деп айыптаса, Талибан бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

Бітімге келу мақсатында жарияланған 48 сағаттық атысты тоқтату мерзімі 17 қазанның кешінде аяқталған. Арада бірнеше сағат өткен соң Пәкістан Ауғанстанның Пактика провинциясындағы Ургун және Бармал аудандарына әуе соққысын жасаған.

Құрбандар туралы ресми ақпарат әзірге жарияланбады.

Еске салайық, Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарулы қақтығыстар 12 қазан күні түнде басталған болатын.

评论
其他材料