Ұлытау облысының полиция қатарын 30 жас қызметкер толықтырды

733
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Je9ZOEpk2icvZIrjLUgbqaHFyS8zPS0lVpi1T6t5.jpg

Конституция күні қарсаңында Ұлытау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы 30 жас қызметкермен толықты. Салтанатты шара барысында жас тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.

Іс-шараға департамент бастығы, полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев, ардагерлер кеңесінің өкілдері және жеке құрам қатысты. Өз сөзінде департамент басшысы жас мамандарды маңызды сәтпен құттықтап, еліміздің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адалдық пен жауапкершілік танытуға шақырды.

«Полиция қызметі – ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Әрбіріңіз антыңызға адал болып, Отанға қызмет етудің биік үлгісін көрсетеді деп сенемін», – деді генерал-майор Қайыркен Әлиев.

Салтанатты жиын барысында қызметте және спортта ерекше көзге түскен бірқатар полицейлер марапатталды.

 «Динамо» ДШСҚ ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында өткен самбо күресінен Ішкі істер министрлігі чемпионатында полиция майоры Тайбек Омаров 1-орынды иеленсе, аға лейтенант Данияр Әліпов пен лейтенант Еламан Ізтөлеуов жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары, арнайы және күштік құрылымдар арасында Атырау қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс чемпионатында полиция лейтенанты Нұрасыл Дахбай 2-орын иеленіп, ал жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ұлболсын Әнуарбек ерекше жетістігі үшін марапатталды.

Іс-шара барысында Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатев жас мамандарды ант қабылдау рәсімімен құттықтап, қызметтік жолдарында табыс пен абырой тіледі.

Осындай іс-шаралар жас қызметкерлердің бойында патриоттық сезімді күшейтіп, полиция қатарындағы дәстүрлер мен жауапкершілік рухын нығайтуға бағытталған.

 

评论