Алматы облысында әйелге дөрекілік көрсеткен полицей жұмыстан босатылды

825
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

Алматы облысында 77 жастағы зейнеткер әйелге күш қолданған учаскелік полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейдің қарт әйелді пәтерден күштеп шығарып жатқан сәті бейнеленген видео тараған болатын. Кадрларда ер адамның әйелді итеріп жіберіп, оның баспалдақ тұтқасына соғылғаны байқалады. Салдарынан кейуананың бірнеше қабырғасы сынған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде тәртіп бұзған инспектор ішкі істер органдарынан шығарылған.

"Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Азаматтардың сенімін жоғалтып, полиция беделін түсіретін қызметкерлерге ІІО қатарында орын жоқ және болмайды", — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, оқиға кезінде сол жерде болған тағы екі полиция қызметкері мен олардың басшылығына қатысты шешім тексеру аяқталған соң қабылданады.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында өз қызметкерлерін рогаткамен атқан полиция бастығы да жұмыстан қуылған болатын.

相关新闻

评论
相关新闻