Атырауда журналист 10 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді

1493
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/aksha.jpg

Атырау облысында бұрын аудандық газет пен теледидарда жұмыс істеген журналист әйел 10 миллион теңге көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ақжайық" сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге қарағанда, күдікті қазір декреттік демалыста болғанымен, жергілікті БАҚ-тағы әріптестерімен байланысын үзбеген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Құлсары маңында орналасқан мұнай қалдықтары туралы бейнематериалды жариялаймын деп қорқытып, бір компания басшысынан ақша талап еткен. Алайда аталған видео әлеуметтік желілерде бұған дейін тараған.

Ақшаның бір бөлігі - 4 миллион теңге - делдал арқылы берілген. Ол “Тенгри” қонақүйінде қаражатты алу кезінде ұсталған. Кейіннен полицейлер күдікке ілінген ұйымдастырушыны да қолға түсірді.

Қазіргі уақытта іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қорқытып алу») бойынша тергеліп жатыр.

评论
其他材料