Инфляциямен күрес: популизмге емес, стратегияға сүйену

1462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/12/infliyacziya.jpg

Елімізде инфляция әлі де жоғары болып тұр – жылдық мәні 12%-дан астам. Оның деңгейіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етуде.

Бірақ Үкімет пен Ұлттық банк жүзеге асыратын шаралар жүйесі «реактивті емес» сипатта, негізінен тұрақтылыққа бағытталған. Бұл тәсіл көп уақытты қажет етеді, бірақ инфляциялық процестерге әсер етудің нарықтық емес құралдары «сол сәтте ғана» өте қысқа мерзімді нәтижелер бергенімен, алайда кейін бұдан да жоғары әрі ырыққа бағынбайтын өсіммен кері әсерін тигізетінін Үкімет анық түсінеді. Сондықтан инфляцияға қарсы тиімді саясатты қалыптастыратын стратегиялық тәсіл жүзеге асырылуда.  

2023 жылы Қазақстан теңгенің құбылмалы бағамымен инфляциялық таргеттеу режиміне ресми түрде көшті. Мұндағы мақсат ортамерзімді перспективада инфляцияны 5%-ға жақын ұстау еді. Бұл үрдісті сақтау үшін Ұлттық банк негізгі пайыздық мөлшерлемелерді көтеріп, несиелеуді, әсіресе тұтынушылық несиені беруді «саябырсыту» құралын қолданды. Үкімет те өз тарапынан тарифтік емес реттеу шараларын күшейтті. Ауыл шаруашылығы шикізатының экспортын шектеп, өнім келісімшартын тұрақтандыру қорларына берді, өнім мен шикізатты бөлуді қатаң қадағалауға алды. Бұл азық-түлік нарығындағы «құлдырауды» азайтуға және тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғалар мен бизнестің мезгіл-мезгіл инфляцияға қатысты алаңдаушылық білдіруі де негізгі мәселелердің бірі болып қалып отыр. Белгілі бір жағдайларда ол инфляцияның өсуінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені осындай кездерде баға күрт өсе бастайды. Соған сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі – салық реформасы, мұнда бизнес жаңа жылдан бастап жаңа салық жағдайларына бейімделе бастады. Сарапшылар осы бейімделудің арқасында олар баға саясатының негізгі тұстарын биылдың өзінде-ақ қайта қарап болғанын, тиісінше, 2026 жылы күрт қымбаттау болмауы керек екенін баса айтуда.

Баға өсіп кетеді деген «психологиялық қорқынышты» басу үшін Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық даму туралы жүргізген сауалнама нәтижелері мен сценарийлерін жариялап жатыр.  Одан бөлек Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша министрліктер мен облыс әкімдіктері инфляцияны тежеу бойынша үйлестірілген жұмыстар жүргізуде. Олар тіпті баға мен логистиканы қадағалауға да қатысуда.

Бұл тұста бір нәрсені дұрыс түсіну қажет. Таргеттеу режимі мен қатаң ақша-несие саясаты болмағанда, теңге бағамы анағұрлым қатты төмендеп кетуі мүмкін еді, бұл импортпен келетін инфляцияның ұйығына одан сайын батыра түседі. Тағы бір тұсы, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуін бақылаусыз қалдыру коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне әкеліп, оны жылдық инфляцияны ушықтыра түсетін басты қозғаушы күшке айналдырар еді, бұл әсіресе тұрмысы төмен отбасылар үшін өте ауыр тимек. Ал астықты келісімшарттармен «құрсап», тұрақтандыру қорларын бірінші кезекте толтырып алмасақ, азық-түлік инфляциясы ырықтан шығып кетуі бек мүмкін. Бұл әсіресе тасымалдау шығындары мен логистикасы жоғары аймақтарда қатты теріс әсер етпек. Шын мәнінде, ведомстволар арасындағы осындай үйлестірілген әрекеттердің барлығы болмаған жағдайда, инфляциялық алаңдаушылық үрдісі тіпті бағасы тұрақты тауарлардың да бағасын «құлдыратып» кетуі мүмкін еді. Бұл баға тұрақсыздығына тойтарыс бере алдық дегенді білдірмейді, десе де оны «баяулата» алғанымыз айқын.

Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар нарықтық процестерге араласуға мәжбүр болатын «қолмен реттеу» режимінсіз жұмыс істеу әзірге мүмкін болмай тұр. Дегенмен, бұл жерде біз баға түзуді толық бақылауға алу туралы емес, нарықтың жекелеген субъектілері жол берген «белден басушылықтар» туралы айтып отырмыз. Мәселен, маркетплейстер тұтыну нарығындағы проинфляциялық факторлардың бірі саналады, солардың кейбірінде белгіленген шектен де тыс үстеме ақылар анықталды. Әрине, бақылаушы мемлекеттік органдар мұндай алыпсатарлық тенденциялардың жолын кеседі.

Негізінде таргет – ұзақмерзімді әсер мен тұрақтылыққа апаратын жол. Мұндай саясаттың негізгі мәні – инфляцияны шок есебінен бірден төмендету емес, оны алдағы жылдарға тұрақтандырудың негізін қалау. Ал 5-6% белгіленген «соңғы нүкте» – бұл бизнес, инвесторлар мен азаматтар үшін бағдарларды қалыптастыратын мақсат.

Болжамдардың, шешімдер қабылдаудағы бағдарлардың ашықтығы мен мемлекет саясатының болжамдылығы – инфляцияға қарсы саясаттың маңызды құрамдас бөлігі. Бизнес үшін болжамды пайыздық мөлшерлеме саясатына, нақты тарифтік ережелер, әсіресе импортты алмастыру тұрғысынан өндірісті қолдау бағдарламаларына және бәсекелестік артықшылық ретінде төмен «баға тұрақсыздығына» назар аудару маңызды.

Бүгінгі таңда қабылданған шаралар Қазақстанға «инфляциялық циклден» төмен баға тұрақсыздығынан орнықты өсуге көшуге мүмкіндік беретін негіз бола алады. Базалық мөлшерлеме мен пайыздық мөлшерлеме саясаты әсіресе азық-түлік емес сегменттердегі артық сұраныс пен несиелік дүмпуді саябырсытуға көмектеседі.

Тарифтердің тұрақтылығы және инфрақұрылымдық инвестициялар – «Тарифті инвестицияға айырбастау» моделі бойынша ТКШ секторын жаңғырту болашақта тарифтердің өсуі қалыпты әрі түсінікті болуы үшін тұрақты негіз қалыптастырады. Теңгерімді ішкі өндіріс және импортты алмастыру – қайта өңдеуді қолдау, шағын және орта өндірістерді дамыту, «инвестицияға тапсырыс» – мұның барлығы сыртқы факторлардың әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.  Инфляциялық болжамды төмендету – бақылау жүйесінің әрбір тетігі (ақпаратты басқару, баға кепілдіктері, мониторинг) бағаның қолдан үстемеленуіне жол бермеуге көмектеседі. Бұл шаралар бірге әрекет еткенде, мультипликативті әсер береді, алайда бірден емес: баға баяу, бірақ тұрақты түрде төмендейді, ал экономика жаңа баға режиміне бейімделеді.

评论