Маңғыстау облысындағы Үстірт шекара қызметінде әскери борышын өтеу кеізнде қаза тапқан 20 жастағы Еркебұлан Сағындықтың анасы ұлының жанармайға уланғанына сенбейді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Информбюроға сілтеп.
Маңғыстау облыстық әскери бөлім сарбаздың жанармай иісіне уланып көз жұмғанын хабарлаған. ҰҚК-да ақпаратты растады.
Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқаға сенбейтінін айтты.
Еркебұланның анасы журналистерге берген сұхбатында соңғы күндері баласынан ауысу туралы хабарлама алғанын жеткізді.
“Сенбі күні сөйлескенде, "мама, басқа бөлімге ауысуға мүмкіндік бар ма?" деді. "Бензиннен уланды" дейді, ол қалай уланады? Дені сау, спортшы бала еді. Түсінбеймін”, – дейді анасы.
Марқұмның қызы да жігіттің көзі тірі кезде ақша сұрай бастағанын хабарлады. Ақниет Мұқан:
“Моторды жөндету үшін ақша сұрап жүретін. Бірде 15 мың, бірде 20 мың теңге. "Қиналып кеттім, дүкен де жоқ, айдалада отырмыз" деп жиі жазатын”, – дейді бойжеткен.
Айта кетейік, Еркебұлан Сағындық – отбасының кенже баласы. Медициналық колледжде білім алған ол әскерден кейін үйленуді армандаған.
Бұл - елімізде бір апта ішінде шекара қызметінде болған екінші сарбаз өлімі. Бұған дейін 5 қазанда Алматыдағы әскери бөлімде 18 жастағы жауынгер қаза тапқан еді.