Мәсімовтен тәркіленген қылыш 930 мың теңгеге сатылды

1841
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OzrSSmGACrB7duCPIKdzIUHGdW1d9fOnke7yzL8u.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген сәнді бұйымдар 7 қазанда өткен аукционда сатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сатылымға қойылған мүліктің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, он лоттың жетеуі сатылған.

Атап айтсақ, Montegrappa Italia күміс (925 сынама) қаламы 440 мың теңгеге өткен. Құран сүрелерімен безендірілген Visconti Firenze қаламы 402 мың теңгеге сатылған. Бұған дейін бұл қаламдар 628 мың және 575 мың теңге бағасымен аукционға қойылып, өтпей қалған болатын.

Сабы сүйектен соғылған қылыш - 930 мың теңгеге, ал сары металдан жасалған өрнекті қылыш 837 мың теңгеге сатылған. Қылыштар болаттан соғылған.

Одан бөлек, «Алма отаны», «Астана», «Бәйтерек» және «Қазақстан картасы» атты монеталар жиынтығы шамамен 199 мың теңгеге сатылған. 1000 теңгелік (2003) және 500 теңгелік «Еуразия елдерінің астаналары» (2008) — 82 999 теңгеге өткен.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде ұсталған еді. 2023 жылдың сәуір айында ол мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күшпен басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды. 

评论