Madison Square Garden сахнасында концерт берген алғашқы қазақ

1386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/dimash-1.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші әрі мәдениет қайраткері Светлана Айтбаева ұлы Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі ауқымды концертінен алғашқы кадрларды бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейнероликтерді ол өз Instagram парақшасында жариялаған. Онда Димашты жанкүйерлерге лық толы зал қарсы алған сәт пен Қазақстанның Әнұранын орындау көрінісі бар. «Аллаға шүкір!» – деп жазды Светлана Айтбаева бейнежазбаның астына.

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі аты аңызға айналған Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткізген алғашқы қазақстандық әртіс атанды. 5 қазан күні өткен шоу зал толы көрерменнің қатысуымен өтіп, әншінің “Stranger” атты әлемдік турының бастамасы болды.

Madison Square Garden — әлемдегі ең беделді сахналардың бірі. Мұнда Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және Битлз сынды әйгілі әртістер өнер көрсеткен. Бұл — Димаштың Нью-Йорктегі екінші концерті. Ол алғаш рет мұнда 2019 жылы “Arnau” туры аясында сахнаға шыққан еді.

Нью-Йорктегі концерт Димаштың 2022 жылы Алматыда басталған үлкен турының жалғасы болды. Бағдарламаға When I’ve Got You, Smoke, Fire сияқты жаңа тректер және Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған әндер мен халықаралық коллаборациялар енген.

 

评论