Синоптиктер ескертуі. Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

597
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bYNNKX8nXtQFhU9MKmDzuWWn7j62glumQEctZ6hd.jpg

5 қазан күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеожағдайлар болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы артуы мүмкін. Бұл жағдай атмосфералық процестердің ықпалына байланысты туындайды:

  • ауа температурасының инверсиясы (жоғары қабат жылы, төменгі қабат суық болуы);
  • штиль және әлсіз жел;
  • тұман.

Мұндай метеожағдайлар кезінде ластаушы заттар ауада ұзақ сақталып, таралмай қалады, нәтижесінде тыныс алу жолдарына зиян келтіруі мүмкін.

«5 қазан күні қолайсыз метеожағдайлар Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

评论