Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадты уламақ болған – БАҚ

1156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kIbYizXyOEddwKPd93s90fU3MN0rhePaAp8SShzm.webp

Фото: ТАСС

Сириядағы адам құқықтары орталығы (SOHR) Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадты әлдекімдердің уламақ болғаны туралы мәлімдеді.  Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ұйымның мәліметінше, Асад дүйсенбі күні Мәскеу маңындағы ауруханадан шыққан. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Емделу кезінде оған тек інісі Махир Асад пен президент аппаратының бұрынғы бас хатшысы Мансур Аззам ғана кіре алған.

Дереккөздердің айтуынша, қастандықтың мақсаты — Ресей үкіметін ыңғайсыз жағдайға қалдырып, оны экс-президенттің өліміне айыпты етіп көрсету болған. Ресей тарапы бұл оқиғаға ресми пікір білдірген жоқ.

Бұрынғы президент Башар Асад билік ауысқаннан кейін Сириядан кетіп, Ресейде саяси баспана алып, қорғалған жағдайда тұрып жатыр.

评论