Қазақ детективінің атасы

931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3J8LVGhefv2OZkjtBCwSNcKrTWBUb9RvNcBosuOy.jpg

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 102 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қаламгер 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында дүниеге келген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы, 1980-1984 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеген. Кеңес чекистері тақырыбына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан.

Ол – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті жазушы. «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Замандастар сыры», «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» атты туындылардың авторы.

Айта кетейік, Кемел Тоқаев – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі.

评论
其他材料