Тарихи матч сандары. 2,5 мыңнан аса полицей жұмылдырылған

1765
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MN25Vypra3rI1jfcE2wWFUo7EZsHJrgivoFFqLt3.jpg

30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» клубтарының кездесуін стадионда 23 мыңға жуық жанкүйер тамашалады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл матч шетелде де қызығушылық тудырған. Атап айтсақ, Алматыға 5 мыңнан аса шетелдік турист келген. Негізгі ағын Қытай, Ресей, Испания, Жапония, Ұлыбритания, Чехия сияқты елдерден келген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан аса полицей жұмылдырылған. Сонымен қатар, Алматы гарнизонынан шамамен 50 әскер кезекшілік еткен. Ал жедел жәрдем мен білікті дәрігерлер медициналық қызмет көрсеткен.

"Жанкүйерлердің ыңғайы үшін метрополитен жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды (әдетте 00:00-ге дейін). Сондай-ақ Орталық стадионнан алты бағыт бойынша 60 тегін автобус қатынап, жанкүйерлерді қалаға жеткізді.

«Қайрат» — «Реал Мадрид» ойыны тек спорттық шара емес, нағыз әлемдік футбол мерекесіне айналды. Алматы ұйымдастыру деңгейін де, қонақжайлығын да тағы бір мәрте көрсетті",–деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

评论