Қазақстанға 1,3 трлн теңге қайтарылды – Бас прокурор

781
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/aksha.jpg

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов X әлеуметтік желісінде елге қайтарылған активтер туралы жазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, қысқа уақыт ішінде олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндіріліп, соның 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түскен.

Қайтарылған қаржы есебінен су нысандары, медицина, білім беру және спорттық мекемелердің құрылысы басталған. Сонымен қатар олигополия өкілдері елге 5,2 трлн теңге көлемінде инвестиция салуға міндеттеме алып, Алматыда туристік кешен, көлік-логистикалық орталықтар, зауыттар және тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлауда.

Бұл жобалар мыңдаған жұмыс орнын ашып, елдің экспорттық әлеуетін арттырады.

Бұған қоса мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт және мәдени нысандар салынып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Асылов прокуратураның бұл жобалардың іске асырылуын қатаң бақылайтынын атап өтті. Сондай-ақ заңсыз активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналатынын, оның негізгі мақсаты – елге инвестиция тарту үшін қолайлы және болжамды орта құру екенін жеткізді.

Қазірдің өзінде прокуратура 87 трлн теңгеден асатын 1,5 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеуде.

评论