Шығыс Қазақстанда Ұлы Сақтар патшасының құрметіне белгітас орнатылды

3247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yrIx8s4vfO65WUvmFfpdaJlvQA7us8wEdmJf2IvG.jpg

19 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылындағы Бәйгетөбе қорғанында сүйегі қайта жерленген Ұлы Сақтар патшасының басына белгітас орнатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 «Ұлы Сақтар өркениетінің ошағы – Шілікті» атты бұл іс-шара еліміздің терең тарихын және әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін айшықтаған маңызды жиын болды.

Белгітас орнату арқылы Қазақстан аумағынан табылған «Алтын адамдардың» ішінде ерекше орны бар Шілікті даласының құндылығы тағы бір мәрте дәріптелді. Археологиялық деректерге сүйенсек, мұнда сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіші бар. Шіліктіден табылған алтын әшекейлер, аң стиліндегі өнер туындылары мен бесжұлдыз бейнелі түйме Ұлы сақтар өркениетінің жоғары деңгейін дәлелдеген.

Жиында зерттеушілер бұл жәдігерлердің әлемдік мәдени мұрадағы орны ерекше екенін атап өтіп, Шіліктіні Еуразия кеңістігіндегі теңдесі жоқ өркениет ошағы ретінде бағалады.

评论