Қазақстандықтар Астана мен Алматыда өтетін Тиматидің концертіне наразылық білдірді

1298
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/w8YWm1nYGCFbjVOXspgaak6VJwG7WbTJ2pUCU0tc.jpg

Ресейлік рэпер Тиматидің Астана мен Алматыда өтетін концерті туралы хабарландыру әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Қазақстандықтар бұл жаңалыққа жаппай наразы пікірлер қалдырып, әншінің концертін тоқтатуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Threads желісінің қолданушылары Украинадағы соғысты қолдаған әртістердің әлі де Қазақстанға келіп жатқанына таңданыстарын білдірді. Бұған дейін қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концертін өткізуге қарсылық танытқан еді. Нәтижесінде белгіленген мерзімде өнер иесінің концерті болмай қалды.

Енді олар Тиматидің концертін де тоқтатуды талап етуде. Пайдаланушылар рэпердің соғысқа қолдау білдірген мәлімдемелерін жарыса жазуда.

Концерт ұйымдастырушысы, продюсер және Eurostar Entertainment агенттігінің иесі Алексей Пучков да талқылауға белсенді араласты. Ол қазақстандықтарға ренішін білдіріп, мәлімдеме жасады.

«Жақында ғана біз үлкен қиындықпен The Weeknd-тің Алматыда концерт өткізуі жөнінде келісімге қол жеткіздік. Әнші 2026 жылы Қазақстанда өнер көрсетуге келісім берген болатын. Алайда соңғы оқиғалар мен желідегі талқылауларға байланысты біз концертті басқа елде өткізуді қарастырып жатырмыз»,– деді Пучков.

Айта кетейік, Тиматидің концертіне қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

评论
其他材料