Цунами қаупі жарияланды. Камчаткада 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

754
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zher-silkinisi.jpg

13 қыркүйек күні сейсмологтар Камчатканың шығыс жағалауында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресейдің геофизикалық қызметінің дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Петропавловск-Камчатский қаласынан 123 шақырым жерде, Тынық мұхитында орналасқан. Магнитудасы 6,3 балл деп бағаланған. Алайда Вулканология және сейсмология институтының Камчаткадағы тобы дүмпудің қуаты 7,7 балл болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін түбекте цунами қаупі жарияланды. Жергілікті ТЖМ мәліметінше, толқындардың биіктігі 120 сантиметрге жетуі мүмкін.

Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға теңіз жағасынан алыстауды ұсынды. Сондай-ақ теңізде жүрген кемелерге 50 метрлік изобата шегінен шығып, мұхитқа бағыт алу жөнінде ескертілді.

Еске сала кетейік, шілде айының соңында Камчатка жағалауынан 161 шақырым жерде магнитудасы 8,5 балдық жер сілкінісі тіркелсе, тамыз айының басында шығыс жағалауда магнитудасы 5,3 баллды құрайтын жерасты дүмпулері болған еді. 

评论
其他材料