Құс фабрикасы – сапалы өнім, тұрақты даму

3022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/c9MUameYCXKLFsavpQ11tCXJ2RKMOuF91e3pzMAc.jpg

Орал қаласында 2003 жылы негізі қаланған «Орал құс фабрикасы» бүгінде Қазақстандағы жұмыртқа және құс еті өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың біріне айналды. Қазіргі таңда фабрикада 250 мың жұмыртқалаушы тауық пен 100 мыңнан астам балапан өсірілуде.Кәсіпорынның негізгі бағыты – сапалы, экологиялық таза тауық жұмыртқасы мен құс етін тұтынушыларға ұсыну. Осы бағытта жүйелі жұмыс атқарған фабрика еліміздегі жұмыртқа өндіретін он ірі құс фабрикасының қатарына енді.Фабрика аумағында заманауи құралдармен жабдықталған жем дайындайтын, жұмыртқа сақтайтын және құс соятын арнайы нысандар жұмыс істейді. 

Өнім сапасын сақтау үшін кәсіпорын аумағына кіру қатаң бақылауда. Бұл шаралар құстар арасында таралуы мүмкін аурулардың алдын алып, тұтынушылар денсаулығын қорғауға бағытталған.«Орал құс фабрикасы» – сапа мен қауіпсіздікті басты орынға қойған отандық кәсіпорын ретінде өңір экономикасына елеулі үлес қосып келеді.

Жаңғыру жолындағы жүйелі жұмыс

«Орал құс фабрикасы» ЖШС директоры Жұмағамбетов Тимурдың айтуынша 2020 жылы үлкен серпіліс болған маңызды жобалардың бірі – №8 цехтың іске қосылуы. Бұл жаңа өндірістік нысан Германияның жетекші өндірушісі жасаған жаңа буындағы құрал-жабдықтармен жабдықталған.  Атап айтқанда, «Унивен» атты торлы жүйе арқылы құстардың денсаулығын сақтау мен экологиялық тепе-теңдікті ұстау қамтамасыз етіліп, өнімділік айтарлықтай артыпты. – «Орал құс фабрикасы» 2003 жылдан бері еліміздегі құс шаруашылығы саласында тұрақты еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын Қазақстандағы жұмыртқа өндіретін ірі он фабриканың бірі саналады. Мұндай нәтижеге жету үшін біз үнемі жаңғырып, заманауи технологияларға басымдық беріп келеміз.Сонымен қатар, фабрикада бірнеше маңызды автоматтандырылған құрылғылар іске қосылды. Атап айтқанда, жұмыртқа жинау машинасы (яйцесборная машина)және жұмыртқа сұрыптау машинасы (яйцесортировальная машина)толықтай енгізілді. Бұл жабдықтар өндірістік процесті айтарлықтай жеңілдетіп, адам еңбегін оңтайландырды. Бұл өнім сапасын арттырып қана қоймай, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға мүмкіндік берді. 2022 жылы фабрикада тағы бір маңызды кезең жүзеге асты – өндіріс толықтай автоматтандырылып, жұмыртқаларды қаптау және буып-түю процестері де цифрландырылды. Бұл өзгерістер есеп жүйесін жеңілдетіп, бақылауды күшейтті,- деді «Орал құс фабрикасы» ЖШС директоры Тимур Бижанұлы. 

 Сапа мен сенімнен бастаған даму жолы

«Орал құс фабрикасы» ЖШС ұжымында 33 жоғары білімді маман еңбек етеді. Басшылық кадрлардың кәсіби дамуына ерекше көңіл бөліп, жыл сайын 14-16 қызметкерді арнайы оқыту курстары мен семинарларға жібереді. Өйткені басшылық заманауи өндірісті басқару үшін білім мен тәжірибе қатар жүруі тиіс деп есептейді. Фабрикадағы өндіріс жағдайлары халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылған. Соның нәтижиесінде «Орал құс фабрикасы» республикалық байқауларда — «Алтын сапа», «Сапалы өнім», «Парыз» — жүлделі орындарға ие болды. Бұл өнімге деген тұтынушылардың сенімі мен мемлекеттік деңгейдегі жоғары бағаның дәлелі. Кәсіпорын тек сапалы өнім өндірумен ғана шектелмей, ауыл шаруашылығы мен өңірлік дамуға да елеулі үлес қосуда. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, жаңа цехтар мен жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.Негізгі мақсат — халықты сапалы, қауіпсіз және экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық бренд қалыптастыру. Мәселен,«Орал құс фабрикасының» қойма жетекшісіСейтжан Қоженовтің айтуынша соңғы бес жылда жұмыс жасау едәуір жеңілдеген. Себебі автоматтандырылған жүйе сапалы қызмет көрсетуге сеп болыпты. – «Орал құс фабрикасында жұмыс істегеніме он бес жылдан асты. Ұжымымыз өте тату әрі бірлікпен жұмыс істейді. Қызметімді жақсы көремін. Соңғы жылдары фабрикаға көп техника мен жаңа құрылғылар сатып алынды. Мысалы, автоматтандырылған қойма жүйелері, тауарларды тез және дұрыс сақтау үшін арнайы құралдар енгізілді. Бұл жаңалықтар жұмысты айтарлықтай жеңілдетті, қоймадағы есеп-қисап пен тауар айналымы дәл әрі жүйелі болды. Осындай қолдау арқылы біз өндірістің үздік сапасында болуына өз үлесімізді қосудамыз,- деді қойма жетекшісі Сейтжан Қоженов.

 Жаңа технологиялар – сапалы өнім кепілі

Бүгінде ол 250 мың жұмыртқалаушы тауық пен 100 мың балапан өсіруге арналған. Қазақстандағы жетекші он құс фабрикасының қатарына енген бұл өндіріс көлемі мен сапасына ерекше мән береді.Кәсіпорын аумағында жұмыртқалаушы тауықтарға арналған 7 цех пен балапан өсіруге арналған 2 цех жұмыс істейді. Сонымен қатар, жем дайындайтын цех, жұмыртқа қоймасы және сою цехы да бар. 2020 жылы №8 өндірістік цех пайдалануға беріліп, өндірістің мүмкіндіктері кеңейтілді. Мұнда Германияның «Big Dutchman» компаниясының жоғары технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Бұл заманауи жүйелер құс денсаулығын сақтап, экологиялық жағдайды бұзбай, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылы кәсіпорында техникалық қайта жарақтандыру жүргізіліп, озық технологиялар енгізілді. Бұған қоса «MOBA» компаниясының сұрыптау және қаптау машинасының көмегімен өнімнің сапасы мен еңбек өнімділігі едәуір артты. Сонымен қатар, өндіріс компьютерлік есепке алынып, тиімділік жоғарылады.

 «Орал құс фабрикасы» – сапалы өнім өндірумен қатар, өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлес қосатын ірі кәсіпорын. Жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтар кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұтынушылардың сеніміне ие болуда. «Орал құс фабрикасының» бас ветеринары Гүлмира Қабирова айтуынша, құстардың денсаулығы фабрикада ең бірінші орынға қойылған. – Әр кезеңде бірнеше деңгейлі арнайы тексерулер өткізіліп, аурулардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылданады. Олар бірнеше деңгейлі, яғни құстарды үнемі бақылап, аурудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдаймыз. Құстарымыздың жай-күйін қадағалау үшін заманауи диагностикалық құралдар мен әдістерді қолданамыз. Вакцинация, дезинфекция жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп, өніміміздің сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстап тұрамыз. Бұл – біздің басты мақсатымыз және жауапкершілігіміз, - дейді «Орал құс фабрикасының» бас ветеринары Гүлмира Қабирова.

 Өндіріс өсіп, жұмыс орны көбейді

«Орал құс фабрикасы» ЖШС – Батыс Қазақстан облысының құс шаруашылығы саласындағы негізгі өндірушісі. Кәсіпорын Қазақстан халқын жоғары сапалы, диеталық құндылығы жоғары жұмыртқа мен құс етімен қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс орындарын ұсынып келеді.2024 жылы фабрикада өндірілген жұмыртқа көлемі 95 миллион данаға жетті. Сонымен қатар, балапан өсіруге арналған цехтарда 227,5 мың бас балапан сәтті өсірілді. Бұл көрсеткіштер – кәсіпорынның өнімділігінің жоғары деңгейін және нарықтағы тұрақты орнының айқын дәлелі.«Орал құс фабрикасында» қазіргі таңда орта есеппен 145 қызметкер жұмыс істейді. Фабриканың ұжымы негізінен Орал қаласына қарасты елді мекендерден – Зачаганск, Щапово, Серебряково, Круглоозерное, Большой Чаган ауылдарынан келген мамандардан құралады.2009 жылдан бері «Орал құс фабрикасы» ISO 9001 және ISO 22000 халықаралық стандарттарына сай интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізіп, өнім сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, фабрика тағам қауіпсіздігін басқару жүйесі – ХАССП (қауіптіліктерді талдау және маңызды бақылау нүктелері) стандарттары бойынша сертификатталған.Бұл жетістіктер – «Орал құс фабрикасының» сапалы өнім өндіруге, заманауи технологияларды енгізуге және әлеуметтік жауапкершілікке деген ұстанымының көрінісі. Кәсіпорын өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және ел экономикасына мол үлес қосуда.

 

评论
其他材料