Мирзиёев жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің барлық орынбасарын қызметінен босатты

1558
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/azZGiCmXrjNe4x9diYEyLYFS3607ANTifDN0lI6V.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің үш орынбасарын қызметінен босатты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Шохрух Дилиев, Отабек Махкамов пен Сарвархон Бузрукхоновтың сала реформаларының мәнін толық түсінбегенін мәлімдеді.

«Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінде өзгерістер болып жатыр, бағдарламалар жұмыс істеп тұр, нәтижелер бар. Ал кәсіби және жоғары білім үшін жауапты шенеуніктер әзірге реформалардың мәнін толық түсінген жоқ», – деп атап өтті президент.

Ал жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Конгратбай Шарипов қызметінде қалды.

Министрлікке қарасты инновациялық даму агенттігінің директоры Шароф Раджаббаев та орнынан босатылды. Бұдан бөлек, президент әкімшілігі жанындағы білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Адхам Худайқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жарияланды.

Мирзиёевтің айтуынша, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру, сондай-ақ жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлері, олардың орынбасарлары мен өңір әкімдері профилактикалық және проактивті жұмыс тәсілдеріне көшіп, білім беру жүйесінің барлық буындарында түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс.

评论