Тоқаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды

1831
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/tokaev.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ел экономикасын жаңғырту үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаевтың айтуынша, ең алдымен, Цифрлық кодексті қабылдау қажет. Онда цифрландыру үдерісінің басты бағыттары – жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуы тиіс.

Президент жаңа технологиялық жүйеге бейімделу үшін мемлекеттік басқаруды қайта құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, басқару жүйесі азаматтардың мүддесіне сай болуы, ашықтық пен тиімділікті арттыруы керек.

«Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы тиіс», – деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке экономиканың барлық саласында жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді тапсырды. Ол Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел ретінде дамуы үшін жұмысты мүлде жаңа тәсілмен жүргізу қажеттігін баса айтты

评论