Құны — 506 млн теңге. Түркияда теңізге алғаш рет шыққан яхта аударылып қалды

4916
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CUXRSbIYVg9CjwKgxRFuMapQHlsqxA7MgeKfDm3H.webp

Түркияда құны 940 мың АҚШ долларын құрайтын (шамамен 506 млн теңге — ред.) яхта суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

New York Post мәліметінше, оқиға Түркияның солтүстігіндегі Зонгулдак облысының Эрегли ауданында, теңізге шыққаннан кейін небәрі 15 минут өткен соң болған. Яхта иесі, екі экипаж мүшесі және капитан жағаға жүзіп шыққан.

Басылым яхта иесінің оны жақында ғана Ыстамбұлдан алдыртқанын атап өтті.

Алдын ала деректер бойынша, оқыс оқиғаға инженерлік қателік себеп болған. Бұл жағдайды бейнабақылау камерасы тіркеп алған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.

评论