«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ғалымдары «Тауарих-и хамса-и шарқи – Шығыстың бес елінің тарихы» еңбегінің 1–2 кітаптарын дайындап, баспадан шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Данагүл Махат желідегі парақшасында жазды.
Абай облысы әкімдігінің және Құрбанғали Халидидің шөбересі Сафария Теңізбаеваның қолдауымен жарық көрген бұл еңбектер қазақ халқының рухани-мәдениеті мен ғылымына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті тарихшы Құрбанғали Халидидің ғылыми мұрасын кеңінен насихаттауға арналған.
Кітаптар «Құрбанғали Халиди: тарих, таным және тағылым» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда оқырманға таныстырылатын болады.
Құрбанғали Халиди - қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші.