Маңғыстау әкімі дрон-такси іске қосылатынын айтады

1523
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/taksi-222.jpg

Ақтауда өткен тамыз айындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай келесі жылы өңірде дрон-такси іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше Ақтауда «Білім болашағы: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті.

Жиынға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау, белгілі қазақстандық және шетелдік спикерлер, сондай-ақ 700-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде өңір басшысы инновациялық көлік түрінің енгізілетінін атап өтті.

– Келесі жылы облыста дрон-такси іске қосылады. Олар Ақтаудан туристерді өңірдің негізгі көрікті жерлеріне жеткізу үшін пайдаланылатын болады, – деді әкім.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы оқу жылынан бастап үш жыл ішінде кезең-кезеңімен арнайы даярлықтан өткен 50 мектеп директорын тәжірибе алмасу мақсатында Сингапур мен Қытайға жіберілетінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, 30 оқушыны АҚШ-та білім алуға жіберу жоспарланып отырғанын айтты.

评论