Ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салған. Хәкімжанның ғасыры

2109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PtvaWqADJbTx9ctJ1QOTLJHHSBjq0wngkEIpnt7S.jpg

Бүгін – мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақстанның өнер қайраткері Хәкімжан Наурызбаевтың туғанына 100 жыл толды.

Хәкімжан Наурызбаев Алматыдағы Абайдың, Шоқан Уәлихановтың, М.И. Калининнің, Тараздағы Жамбыл Жабаевтың, Алматы облысындағы Жансүгіров ауылында В.И. Лениннің ескерткіштерін жасаған.

Мүсіншінің «Жас Жамбыл», «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» сияқты тарихи портреттері форманың мұқият жасалуымен және күрделі психологиялық сипатымен ерекшеленеді.

1950 жылдардың басында Алматыда Абайға ескерткіш орнату конкурсына Хәкімжан Наурызбаев қатысып, 1960 жылы Абайдың 115 жылдығына арналған монументті жасауға таңдалады.

Жұмысқа кіріспес бұрын ол Абайдың туған жеріне барып, жергілікті ақсақалдармен сөйлесіп, М.Әуезовті кеңесші етіп алады. 

Ауылшаруашылық институтының тар шеберханасында жасалған мүсінді Әуезов жиі келіп, жұмысты бақылап отырған. Алғаш көргенде ол сын айтқанымен, соңғы нұсқасын көргенде: «Міне, бұл – Абай!» деп мақұлдаған. Бұл туралы мүсінші өз естеліктерінде бөліседі. 

评论
其他材料