Қазақстан Иордания тәжірибесімен дрон өндірісін дамытпақ

1763
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/drones_cover.jpg

Қазақстан Иорданияның тәжірибесін негізге ала отырып дрондар өндірісін дамытуға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, ведомство Иорданияның дрон өндірісіндегі тәжірибесін зерттеп жатыр.

«Бұл елде дрондар индустриясы жақсы дамыған – дизайн, өндіріс, инженерлік жұмыстар мен басқару бағдарламалық жасақтамасына дейін. Біз бірнеше ай бұрын делегациямен барып, олардың тәжірибесін зерттедік және реттеуші органдармен кездестік. Бұл салада жүйелі реттеу қажет», – деді ол.

Министрдің айтуынша, сөз азаматтық және әскери дрондар, сондай-ақ антидрон жүйелері туралы болып отыр. Әзірге бірлескен өндіріс туралы нақты келісім жоқ, алайда Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыс істеп, болашақта саланың жақсы дамитынына сенім білдірді.

评论
其他材料