Рыбакина мен Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастады

965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/i2HZK8yjpmw2gUfYyGN6pxMKOC0d98hkNutKz1bn.webp

Нью-Йоркте жылдың соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионаты басталды. Әлемдік рейтингіде 10-орында тұрған Елена Рыбакина бірінші айналымда ITF Juniors рейтингінде 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында бірінші орын алатын америкалық Джульетта Пареханы сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды “Адырна”.

Wild card алған Пареха қазақстандық спортшыға 6:3, 6:0 есебімен есе жіберді. Екінші айналымда Рыбакина Чехия өкілі Тереза Валентовамен (96 WTA) кездеседі.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (55 WTA) алғашқы айналымда Италия ойыншысы Элизабетта Коччареттодан (85 WTA) 6:4, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Келесі кезеңде Путинцева Анна Калинская (29 WTA) мен турнирдің wild card иегері Клерви Нгуну арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

评论