14 адам зардап шекті. Астанада автобус апатқа ұшырады

1309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XjAXwEmPAoqQsHxMwtdGz8MBbmvtRXDnbokBa9fp.webp

Астанада Mercedes маркалы қызметтік автобус жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Оқыс оқиға бүгін, 25 тамызда Қабанбай батыр даңғылында болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға салдарынан 14 адам зардап шеккен.

«Олар қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Нәтижесінде бірқатар зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр»,—деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.

Мамандар зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алғанын атап өтті.

评论
其他材料