Үстінен іс қозғалды. Ақтауда сәби құшақтаған әйел бортта «бомба бар» деп жалған сөйлеген

1913
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oCzBoRaz4Hzksm6w60eM9wxJ3StlOfjqvFDYgU3n.jpg

Ақтау әуежайында сәбиімен бірге ұшаққа мінген әйел әуе кемесінде жарылғыш зат бар екенін мәлімдеген. Бұл туралы жергілікті Lada басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Осыдан кейін экипажды қоса алғанда «Scat» әуе компаниясының Ақтау – Шымкент рейсіндегі 200 жолаушының барлығы шұғыл эвакуацияланып, оқиға орнына арнайы қызметтер келген. Ұшақты мамандар бес сағаттан астам уақыт бойы тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппаған.

Жолаушылардың айтуынша, әйелдің мұндай мәлімдемесіне эмоциялық күйзеліс себеп болуы мүмкін.

Әйелді құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен. Оның үстінен «Терроризм актісі туралы жалған хабар беру» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

评论
其他材料