Алаяқтарға алданған профессор Кәкен Қамзин қуанышты жаңалығымен бөлісті

1300
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oshQVOVOR2KJ04XBs4T1j59DQBotQSKYLf1ybvl1.webp

Профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың алдап, жымқырған 32 миллион теңгенің толық жиналғанын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook-тегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, бір жарым ай бұрын алаяқтарға алданып, баспанасынан айрылып қала жаздаған соң, 5 шілдеден бастап ел-жұрттан «жылу» жинауға мәжбүр болған. Осы уақыт ішінде көпшіліктің қолдауымен 9,5 миллион теңге жиналған.

Бүгін, Қамзиннің сөзінше, аты-жөнін атамауды өтінген бір қайырымды азамат жетіспей тұрған 23 миллион теңгені қолма-қол әкеліп берген.

«Бұл тек қаржылай көмек қана емес, сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын!» — деп жазды профессор.

Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспек. Кәкен Қамзин көмек көрсеткен, тілектес болған барша жұртқа шынайы алғысын білдіріп, қазақтың бауырмалдығы мен жанашырлығы жоғалмағанын атап өтті.

评论