Сорбұлақта жоғалған тікұшақ. Бір адамның мәйіті табылды

2487
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HW3KN1n8As42p41ctkEg8aXSeq9zwNgWQkuiqEIm.jpg

Алматы облысында жүргізілген іздестіру операциясы барысында Сорбұлақ су қоймасының түбінен жоғалған әскери тікұшақтың фрагменттері мен бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Іздеу жұмыстары қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың қатысуымен, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ спутниктік деректері негізінде жүргізілді. Әскери сүңгуірлер шамамен 14 метр тереңдіктен тікұшақтың бөліктерін және мәйітті анықтады. Қазір марқұмды сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіруді лайлы су мен нашар көрінушілік қиындатуда. 

Еске салсақ, EC-145 әскери тікұшағы 25 шілде күні радардан жоғалып кеткен. 26 шілдеде оның кейбір сынықтары Сорбұлақтан табылғанымен, экипажды іздеу бүгінге дейін жалғасып келеді.

评论