Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

2110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AxBhkmHxbUcvAhcfcEVev5rHj5ZWxvOWv08bCXfw.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зеленскийдің айтуынша, Трамппен майдандағы жағдайға қатысты пікір алмасқан. Сонымен қатар, Ресейге қарсы ықтимал санкциялар талқыланған.

«Ең бастысы — соғысты тоқтату. АҚШ президентіне әділетті әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік үшін жасап жатқан күш-жігері үшін алғысымызды білдіреміз. Қазір Нидерланды, Швеция, Норвегия және Даниядан шешім шықты — Украина АҚШ қаруына 1 миллиард доллардан астам көмек алады. НАТО елдерімен бұл ынтымақтастық жалғаса береді», — деп атап өтті Зеленский.

Украина президентінің пікірінше, Трамп уәде еткен Ресейге қарсы санкциялар көп нәрсені өзгерте алады. Бұған дейін АҚШ президенті пгер қақтығысты реттеу ісінде ілгерілеу болмаса Ресейге және онымен сауда жасайтын әріптестеріне қарсы қосымша салықтар енгізуге уәде берген болатын. Бұл ультиматум 8 тамызда аяқталады.

Бұған қоса, екіжақты қорғаныс саласындағы ынтымақтастық та талқыланған.

«Дрондарға қатысты келісім жобасын Украина тарапы әзірлеп қойды, біз оны егжей-тегжейлі талқылауға және бекітуге дайынбыз. Бұл ең мықты келісімдердің бірі болуы мүмкін», — деді Зеленский.

评论