АҚШ-Ресей шиеленісі. Трамп атомдық сүңгуір қайықтардың “тиісті жерде” екенін айтты

1701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dTtE4vCMEhmmui6LKHO84qlXYUrEzW7fXB3yI8Yg.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің «Ресей-АҚШ арасындағы соғыс ықтималдығы туралы» сөзіне жауап ретінде «тиісті аумаққа» екі атомдық сүңгуір қайық жібергенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Олар қазірдің өзінде өздеріне тиесілі жерде тұр», — деді Трамп 3 тамыз күні Нью-Джерсиден Вашингтонға ұшар алдында журналистерге берген сұқбатында.

Бұған дейін президент Newsmax телеарнасына берген сұхбатында атомдық сүңгуір қайықтардың Ресейге жақын маңда орналастырылатынын айтқан, бірақ олардың нақты қай жерде екенін ашып айтудан бас тартты.

Трамп бұл қайықтарды қайта орналастыру шешімін Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің өткір мәлімдемелеріне жауап ретінде қабылдағанынжеткізді.

Еске салайық, Медведев 28 шілде күні X әлеуметтік желісінде Трамптың Ресейге қатысты ультиматумдары «соғысқа қадам» болуы мүмкін екенін айтқан еді. Кейін АҚШ президенті бұл мәлімдемеге жауап берді.

«Ресейдің бұрынғы президенті, қазіргі Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің арандатушы мәлімдемелеріне байланысты екі атомдық сүңгуір қайықты тиісті аймақтарға орналастыру туралы бұйрық бердім»,—деген еді Трамп.

 

 

评论