Қазақстан аумағындағы газ транзиті штаттық режимде жүріп жатыр – Энергетика министрлігі

1905
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TWl0ZWYKBJXI1IqJo8yZTZf7rRLsjIZb6CsVLmjc.webp

“Орталық Азия – Орталық” магистральді газ құбыры Волгоград облысындағы жарылыс салдарынан істен шықты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы шетелдік БАҚ беттерінде жазылуда.

Алайда бұл мәліметті Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі жоққа шығарды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазақстан аумағындағы газ тасымалы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

“Орталық Азия – Орталық” магистралды газ құбыры бойынша орын алған жағдайға байланысты хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы аумағындағы газ тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылуда. Газ транзиті мен газ тасымалдау инфрақұрылымының жұмысында ешқандай ақау тіркелген жоқ”, – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, еліміздің энергетика министрлігі Өзбекстан бағытындағы табиғи газ жеткізу бекітілген көлем мен кесте бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Аталған газ құбыры – “Газпром” жүйесіне кіретін ірі магистральдердің бірі. Ол Түрікменстаннан табиғи газды Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Ресейге тасымалдайды”, – деп нақтылады министрлік.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік ақпарат көздері 2 тамызға қараған түні Украина қарулы күштерінің дрондары Ресейдің бірнеше облысын қатар шабуылдағаны туралы хабарлаған еді. Telegram-арна Mash таратқан дерекке сүйенсек, соққы Рязань, Липецк, Воронеж және Ростов облыстарына тиген.

评论