Айтыскер ақын Серік Ыдырысов өмірден өтті

6308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KG5wUaAa5zWJRFWj4Zez9EP0cTZsqNOUBcn61v5n.jpg

Өнер жанашыры, ұстаз Серік Махмұтұлы Ыдырысов өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.⠀

Ол Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты «Жаңақала» ауылында дүниеге келген.

Жастайынан жыр-термеге құмар болып өскен Серік Ыдырысов Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдап, музыка мен тіл пәнінен сабақ берді.

Өзінің алғашқы еңбек жолын №185 мектептен бастап, ауыл оқушыларынан оркестр құрып, олардың өнерін республика көлемінде танытты. Мектеп қабырғасында құрылған бұл оркестр Алматыдағы телеарналардан көрсетілген.

Серік Ыдырысов туралы желіде түрлі естеліктер жариялануда.

Ақын Сәби Аңсат:

"Серік Ыдырысов бауырымның дүниеден озғанын естіп отырмын. 
Алла үлкен бір ауыртпалықты көлденең тартыпты.
Серік менің, сіздің, достың, жолдастың, әріптестердің,  елдің серігі еді. Серіксіз, оның әзілінсіз, оның қалжыңынсыз, батаға бергісіз бәтуалы сөзінсіз тойымыз көңілсіз, ойымыз орта болатын сияқты көремін. Серік сөз көтеретін кішіпейіл еді, Ағаны сыйлаудың үлгісі еді. Күлімсіреген дидары қымбат еді. Барлығымыздың қимасымыз еді. Алланың әміріне не шара?! Серіктің отбасына, әулетіне қайғылырына ортақтасып, қазаның артын қайырлы етсін деп көңіл білдіремін. 
Бақұл бол жарқын жүзді бауырым - Серікжаным", - деп еске алды.

Руслан Каюпов:

"Қош бол, Ақын аға! Абыз аға!

Алашқа белгілі ақын, Қазақстанның өнер қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі, үлкен жүректі ұстаз Ыдырысов Серік Махмұтұлы келместің кемесіне мініп, мәңгілік сапарға аттанды.

Ақтық сапарға шығарып салу қаралы митинг 1 тамыз күні сағат 15:30-да, жаназа намазы 16:00.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Ыдырысов тұйығы 4-ші үй", - деп жазды.

评论