Шерзат Полат ісі. Сот отырысы тамызда өтеді

1004
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

18 тамызы күні сағат 11:00-де Шерзат Полат және өзге де сотталғандарға қатысты апелляциялық сот отырысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірінші инстанция сотының үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген болатын. Алайда сотталған тарап белгіленген мерзім ішінде апелляциялық шағым түсірген.

Аталған іс бойынша сотталушылардың бірі – Д.К. Ысқаққа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол қамаудан босатылғаны белгілі болды. Сот оның бұлтартпау шарасын жою туралы шешім қабылдаған.

Қоғамда кеңінен талқыланып, резонанс тудырған бұл іс енді апелляциялық деңгейде қайта қаралады. Сот отырысы барысында бұрынғы үкімнің күшінде қалуы немесе өзгертілуі мүмкін.

Апелляциялық тыңдау нәтижесі жұртшылықтың ерекше назарында болмақ.

评论