Ажырасуға үгіттейтін блогерлер көбейіп кетті - қоғам белсендісі

2747
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/06/azhyiraskandar.jpg

Бұрын қазақты жау соғыспен, аштықпен қырса, қазір феминизм сананы улап, іштен құртып жатыр. Әйелді отбасынан, ұрпақтан алыстатып, жалғыздықты “еркіндік” деп ұсынуда. Бұл үнсіз жоюдың заманауи түрі.

Ұрпақсыз ұлттың ертеңі жоқ.— деген бір мықты пікір көрдім.  Қазір шыны керек,  тик токқа кірсең де инстаграмға кірсеңде жалғыз басты,  өзінше жетістікке жеттім деп ойлайтын әйелдердің,  ажырасып кетіңдер,  өздерің үшін өмір сүріңдер деген видеолары көптеп таралып жатыр.

Жалпы ажырасу деген үлкен салдарға әкеп соғады. Ажырасып,  шешенің,  әкенің қолында кеткен балдар болашақта қатты қиналатын, онымен қоймай айналасында қинайтын болады. Соның бірі,  өз басымнан өткен жағдай,  мен жалғыз басты әйелдердің қолында өстім.  Кішкентайымнан апамның, шешемнің қиналғанын,  жұмыс істеп мені асырағанын, өздері от жаққанын,  көмір тасып,  қар күрегенін бәрін бәрін көріп өсіп,  әйел адамның қиналуы, мына өмірмен өзі жалғыз күресуін норма ретінде қабылдайтын болып қалыптастым. Оның үстіне шешенің таяқпен соққан соққысы, әкенің қабағын түйіп, бір шапалақ бергеніне жетпейді. Олда өте маңызды.  Және, кішкентайымнан әйел адамдардың тәрбиесін көргесін түпсанамда, не болсада әйелдердің көңілінен шығу керек деген біртүрлі ұстаным қалып қалған.  Дегенмен,  19 жасымда шешелерімді жерге тапсырғасын,  өз тізгінім өзіме тиіп,  ары қарай еркектік мінезімді өз қолыммен жасап алдым десем де болады.

Екінші мәселе,  жалғыз басты әйелдің қолында өскен қызда,  өзіндік принціптерін қалыптастырып өседі.  Яғни еркектердің бәрі жаман,  шешемде жалғыз өмір сүрді,  менде өмір сүре алам деген түсініктер болады онда.  Олда болашақ ұрпақ мәселесінде үлкен салдарға әкеліп соғады. Ал жалғыз басты әйелдің қолында өскен еркекпен дәл сондай қыз үйленсе,  екеуінің отбасылық жағдайы, асы бір шалт жағдайда болады.  Ондай үлгілер өз таныстарымның арасындада бар. 

Жалпы, айтқым келгені,  ажырасу мәселесін реттеу керек.  Қан мәселесі,  әулеттің қадірі, отбасының абыройы, бала шағаның тегі деген секілді түсініктер күннен күнге көмескіленіп барады.  Оларға басты себеп,  әлеуметтік желіде бақылау жоқ,  жаза жоқ,  адамдар лайк үшін хайп үшін,  курс сатып тапқан жеңіл ақша үшін барын салып жатыр.  Бұл бассыздықтың жемісін шамамен 5 жылдан кейін көзбен көреміз деп ойлаймын. 

Келісесіз бе? 

Бурахан Дақанов

评论