Цунами қаупі бар. Камчаткада 8.5 баллдық жер сілкінісі тіркелді

1921
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Камчатка жағалауынан 161 шақырым жерде магнитудасы 8,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл соңғы онжылдықтардағы аймақтағы ең күшті сілкіністердің бірі ретінде тіркелді. Бірқатар елдерде цунамидің қаупі жарияланды.

Бастапқыда ғалымдар магнитудасын 7,5 деп бағалаған, кейінірек 8,5-ке түзетті.

Жер сілкінісінің эпицентрі түбектің жағалауынан 161 шақырым жерде орналасқан. Оған дейін кешкісін және күндіз бірнеше жер сілкінісі болған. Сілкініс ошағы 32 шақырым тереңдікте жатыр.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) бұл сілкіністің магнитудасын 8,7 деп бағалады, ал афтершоктар 7,0 және одан төмен болған.

Камчатка өлкесі бойынша ТЖМ басқармасы жергілікті БАҚ-қа цунамидің биіктігі 32 см-ге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. Мұндай толқын Алеут муниципалды округіне де жетуі ықтимал. Ал Усть-Камчат муниципалды округіне — 20 см, Петропавл-Камчат қалалық округіне — 6 см-ге дейінгі толқын жетуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды теңізге барып, цунами көрмеуге шақырды. Жағалаудағы суларда тұрған, ашық рейдте, кіреберісі кең қойнауларда немесе айлақтарда тұрған кемелерге ашық мұхитқа шығу ұсынылды.

Камчатка губернаторы Владимир Солодов Telegram-арнасында бұл сілкіністі соңғы онжылдықтардағы ең күшті деп атады.

«Мамандар әлеуметтік маңызы бар нысандарды – мектептер, ауруханалар, балабақшалар – зақымдану белгілеріне мұқият тексеруді бастап кетті», – деді ол.

Кейінірек губернатор Петропавл-Камчат қаласындағы бір балабақшаның қабырғасы құлағанын хабарлады. Бұл балабақша жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық болған, сондықтан балалар ғимаратта болмаған.

Сахалин облысының губернаторы Валерий Лимаренко да Северо-Курильск қаласында магнитудасы 7,9 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

«Цунами қаупі жарияланды, қауіпті аймақтардан тұрғындар биік жерлерге эвакуациялануда. Төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда», – деді ол.

评论