Дженифер Лопес Ресейде ән шырқаудан бас тартты

2539
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KSC3TNKk3kj1n6ryHJXVDuUzS03XZvOPSqVsujgm.webp

Белгілі әнші Дженнифер Лопес Мәскеуде концерт беруден бас тартты. Себебі Украинадағы соғысқа байланысты Батыста теріс реакция тудыруы мүмкін деп қорықты, деп хабарлайды “Адырна”.

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Мәскеуге концерт бермейтін болды. Ол туралы келісім жасалған болатын. Mash Telegram-каналының хабарлауынша, әншінің командасымен келіссөздер 2025 жылдың сәуірінде басталған.

Әншінің менеджерлері концерт өткізуге тамыз айында келісім жасаған, ал гонорар бір миллион доллардан кем болмауы тиіс еді. Тараптар алдын ала келісімшартқа қол қойып, нақты күн белгіленген.

Алайда, кейін Лопестің командасы қатысудан бас тартты. Себебі, Украинадағы соғысқа байланысты Батыс аудиториясы Ресейде өтетін концертті теріс қабылдауы мүмкін.

Сонымен қатар, ақпарат көздерінің айтуынша, Дженнифер Лопес егер соғыс аяқталса, болашақта концерт беру мүмкін.

Концерт агенттігі PMI басшысы Евгений Финкельштейн, келіссөздерге қатысқан, пікір білдіруден бас тартты, бірақ ақпаратты жоққа шығарған жоқ.

评论
其他材料