Журналист Қалымбек Мұхамеджанов қайтыс болды

2144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fUw9qTKNtIBGtFK7SxMpwUH4Areq9qa6KiZmcaoE.jpg

Спорт журналистикасының майталманы, тәжірибелі журналист Қалымбек Мұхамеджанов 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды Асылбек Баяжұма жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақ журналистикасының ардагері, аяулы Қалымбек ағамызда дүниеден озыпты. Көкшетау, Аршалы, Егіндікөл аудандарында ішкі саясата істеген кезімде "Асыл бауырым, абыройыңды көтеруге келдім" деп қасымда апталап жүруші еді. Қайран аға, бақұл болыңыз! Алла панасына алсын»,—деді ол.

Қалымбек Әрнашұлы 1955 жылы 13 сәуірде Көкшетау облысы Айыртау ауданының Сарыбұлақ ауылында туған. Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың (ҚазҰУ — ред.) журналистика факультетін бітірген. 40 жылға жуық газет, радио саласында қызмет еткен. «Қазақстан» РТРК» Ақмола облыстық филиалының редакторы болған.

评论