Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

993
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5w10VezNrCSIuEEufmCIA8whcQGBG8ZffBTVGHzE.webp

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі Toyota автокөлігімен соғылып, аударылып қалды. Жол апатынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды "Адырна".

Бейнекадрда соқтығысқан соң оқиға орнына басқа жедел жәрдем бригадасының келгенін көруге болады. 

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Ескелді би мен Қаблиса Жырау көшелерінің қиылысында болған.

«Алдын ала деректер бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Cалдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Құқық бұзушыға қатысты заңда қарастырылған іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық полиция.

Қазіргі уақытта, жол көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

评论