Желі жұлдызына айналған. Директордың жазбасы пікірталас тудырды

2606
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DXbEKnXNvF8Dl3KXdAgn8o0qDzTGxgFGqFwwC3Nv.jpg

Астана қаласындағы №58 мектептің директоры, желі қолданушылары арасында кеңінен танымал болған Ақмоншақ Нұртаза Instagram парақшасында күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Ол желідегі жазбасында:

“Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі. Келесі қадам белгісіз", – делінген.

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде бірден қызу талқыланып, түрлі пікірлер пайда болды. Қолдаушылардың көбі оны ұстаз ретінде бағалап, кетпеуін өтініп жатса, енді бірі болашақта жаңа қадам күтетінін меңзеді.

"Депутат боласыз ау", "Сізді керемет директор деп жүр едік", "Курс сатып, инфосыған болып кетпеңіз", "Директор болған соң балаларға қарап жүру керек қой, ән айтпай", "Сіз балаларға керексіз, директорлықтан кетпеңіз" деген секілді пікірлер желіде жиі кездеседі.

Әзірге Ақмоншақ Нұртаза жазбаға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін де жұртшылық назарын өзіне аударған. Ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Тау ішінде" әніне арналған челлендж жасап, оның видеосы Instagram-да 3,1 миллион қаралым жинаған.

Бұл видео Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнадан көрсетіліп, әншінің анасы Светлана Айтбаева директорға концертке арнайы билет сыйлаған болатын.

评论
其他材料