Алматының кей бөлігінде суық су уақытша болмайды

977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nUa7grgAEn9YJi7y4vbyLQiFu5aTgyi0znYNQo3T.jpg

Алматының 3 ауданында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы "Алматы Су" мекемесі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Су құбыры жүйесіне жаңа инженерлік желілерді қосу жұмыстарына байланысты 24 шілде сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін Алматының кей бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады.

Жоспарлы жұмыстар жүргізілетін кезеңде келесі аудандарда суық су уақытша тоқтатылады:

Бостандық ауданы: Саин — Асқаров — Әлмерек — Азамат — Садықов көшелері шеңберінде. Оның ішінде: "Мирас", "Дарын" шағын аудандары және Долина роз, Солнечная долина, Кунбель, Hyde Park, Presidents Park, Miras Park тұрғын үй кешендері.

Наурызбай ауданы: Асқаров — Кенесары хан — Қарғалы өзені — Новая көшелері шекарасында. Оның ішінде: "Қарғалы", "Құрамыс", "Рахат" шағын аудандары және Асқар Тау, Хан Тәңірі, Bella Villa, Nef Up Town тұрғын үй кешендері.

Әуезов ауданы: "Таугүл-3" шағын ауданы, Алтын Қарғалы шипажайы.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін су біртіндеп, жабдықты тексеріп, реттеу жұмыстарынан кейін қайта қосылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

评论