Қайырымдылық дауы. Прокурорлар Перизат Қайратты – 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұрады

1960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/imWSiHfQoAqFYtbWl0DXmHlXuEobmMyfDR2sqPM9.jpg

Прокуратура Перизат Қайратқа 10 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза сұрады, деп хабарлайды “Адырна”.

Прокурор Арман Кизикеннің айтуынша, айыпталушының кінәсін жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын жағдай – қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева үш эпизод бойынша алаяқтық жасады деп айыпталып отыр – олар балаларға арналған оңалту орталығын салуға, Палестина тұрғындарына және су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуге деп қайырымдылыққа ақша жинаған. Мемлекеттік айыптаушылар анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Айыптаушы тараптың нұсқасына сәйкес, олар қайырымдылық түрінде жиналған шамамен 3,5 млрд теңгені иемденіп, кейін бұл қаражатты заңдастырған.

评论