Ақтаудағы апат. Әзербайжан Ресейге қарсы халықаралық соттарға жүгінбек

1764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X9JvKAxPnq2btxY2o4xjjUa5IwIspywwxEkuEWRV.jpg

Шуша қаласында өткен медиафорумда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына қатысты халықаралық деңгейде әрекет етуге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Minval.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Ақтау маңындағы әуе апатының жай-жапсары анық. Алайда Баку жеті айдан бері ресейлік тараптан нақты жауап ала алмаған. Бұл жағдайды Әлиев «контрөнімсіз ұстаным» деп бағалап, Әзербайжанның іс бойынша жеткілікті дәлелдері барын айтты. Ел билігі халықаралық инстанцияларда өз ұстанымын қорғауға дайын.

Президент бұл істі малайзиялық Boeing ұшағының апатымен салыстырып, Әзербайжан шындықты дәлелдеу үшін қанша уақыт қажет болса да күтуге дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін Minval басылымы ресейлік әскери қызметкерге тиесілі делінген түсініктеме хат жариялаған. Онда Грозный үстінен ұшып өткен ұшақтың Ресей қорғаныс министрлігінің бұйрығымен атып түсірілгені айтылған.

Әлиев сөзінде Украина халқына да үндеу жасап, аумақтық жоғалтулармен келіспеуге шақырды. 

«Біз халықаралық құқық пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрт қарарына сүйендік. Бірақ бізге әрдайым “шындықпен келісіңдер” деп келді. Сол себепті біз жаңа шындықты өзіміз жасадық» - деді ол. 

评论