Дипломат Мамаштың ісі. Қоғамдық қорғаушы жәбірленушінің “материалдық тәуелділігі” айтылды

891
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CoSu8ZMdC1Pc550kg5WWg8zJLlM873ZkW70Sa1MX.jpg

Сәкен Мамаштың қоғамдық қорғаушысы Н. Ташкенбайқызы резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша маңызды деректерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, жәбірленуші ретінде танылған Каринаның “материалдық тәуелділігі” жоқ, керісінше, ол қаржылық жағынан дербес өмір сүрген.

Қорғаушының мәлімдеуінше, Каринаның шетел банктерінде бірнеше кредиттік карталары болған, олардың шотына ай сайын 8 миллион теңгеге дейін қаражат түсіп отырған. Сонымен қатар, Kaspi және СберБанк карталарын да белсенді түрде пайдаланып, анасын қолдауға ақша аударған.

Н.Ташкенбайқызының мәлімдемесіне сәйкес, Карина Мамаш ай сайын 1400 АҚШ доллары көлемінде жәрдемақы алып отырған. 

"Карина 10 000 долларлық Louis Vuitton сөмкесін сұрағанымен, туған күніне ұсынылған 3000 долларлық бриллиант сыйлықты азсынып, қаржылық наразылығын білдірген. Бұл оның тәуелді емес, керісінше, талапшыл екенін көрсетеді", – дейді Ташкенбайқызы.

Қоғамдық қорғаушы Каринаның материалдық жағдайы туралы деректерді елемей, оны Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша қатаң жазаға тарту – әділетсіз шешім болуы мүмкін деп алаңдайды.

评论